Әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттауын жалғастыруда
Әлемдік нарық: Brent маркалы мұнайы 92 доллар шамасында саудаланып жатыр
20 тамыз күні таңертең Brent маркалы мұнайдың құны бір баррель үшін 92 доллар шамасында тұр. Котировкалар шамамен 0,3% қосылып, 91,9 доллар деңгейінде болды.
Мұнай нарығындағы басты фактор – Таяу Шығыстағы шиеленіс болып қала беруде. Инвесторлар Иран мен мұнай тасымалдайтын маңызды маршруттардың бірі – Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдайды бақылауда. Жеткізілімнің үзілу қаупі жоғары бағаны ұстап тұр.
Сонымен қатар, алдағы айларға арналған болжамдар сақтықпен бақылану сипатына ие.
АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасы Brent мұнайының орташа бағасы 2026 жылдың үшінші тоқсанында шамамен 85 доллар, ал төртінші тоқсанында 78 доллар болады деп күтеді.
Еске салайық, бұған дейін мұнай бағасы төртінші күн қатарынан қымбаттап жатқаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстан экономикасы жеті айда 4,1%-ға өсті
Қазақстанда алтынның есептік бағасы грамына 66 004,73 теңгеге жетті
Axios: АҚШ Иранның келісімінсіз Ормуз арқылы мұнай тасымалын ұйымдастырған