Әлем чемпионаты: Боксшы қыздарымыздың жеңіс биі трендке айналуда
Боксшы қыздарымыз әлем чемпионатында жарқырап, жеңіс тұғырынан көрінді. Қуанышты сәтте түсірлген олардың жеңіс биі трендке айналуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Боксшы қыздарымыз әлем чемпионатында жарқырап, жеңіс тұғырынан көрінді. Қуанышты сәтте түсірлген олардың жеңіс биі трендке айналуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылғы Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан өткен әлем чемпионаты Қазақстанның әйелдер командасының зор жетістігімен аяқталды. Қазақстан құрамасы медальдық есепте үздік болып, үш алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі.
Қазақстандық боксшылар Айда Әбікеева, Наталья Богданова және Алуа Балкибекова турнирден кейін өздерінің вирусқа айналған жеңіс биін биледі.
Видео әлеуметтік желілерде өте тез таралуда.
Біз тренд түсірмесек, қалай болғаны? Әлем чемпиондарынан жеңіс биі, - деп жазды Қазақстан бокс федерациясының ресми парақшасы.
Еске салайық, бұған дейін бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.
Сондай-ақ, боксшыларымыз қанша сыйақы алатынын жазған болатынбыз.
- АҚШ Бейбітшілік Кеңесінде Газаны қалпына келтіру жоспарын ұсынады 05:18
- Обама қаулысы күшін жойды: Трамп климат саясатын өзгертті 04:27
- Атырауда блогерді ұрған екі әйелге үкім шықты 03:40
- Қар, көктайғақ, тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Еурокомиссия ғимараттарында тінту жүргізілді 01:29
- АҚШ Ирандағы демонстранттарға Starlink терминалдарын жеткізген 00:30
- Ақтауда полицей қаза тапқан жол апатына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды 12.02.2026