4 Қараша 2025 2025, 20:10 Фото: - архив

Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, боран соғады

Синоптиктер Астанада алдағы үш күнде қар жауып, боран соғатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Синоптиктер Астанада алдағы үш күнде қар жауып, боран соғатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

5 қарашада Астанада кей жерлерде бұлтты ауа райы сақталады. Түнде және таңертең аздап қар жауып, боран болуы мүмкін.

Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып, жылдамдығы 3–14 м/с болады. Түнде ауа температурасы –13–15°, күндіз –6–8° төмен болады.

6 қарашада бұлтты ауа райы сақталып, түнде қар, күндіз жауын-шашын – жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Төменгі қабаттағы боран және көктайғақ болуы ықтимал.

Жел батыстан соғып, екпіні 20 м/с дейін жетеді. Түнде –5–7°, күндіз –0–2° аяз күтіледі.

7 қарашада бұлтты ауа райы жалғасады, жауын-шашын, төменгі қабаттағы боран және көктайғақ сақталады. Түнде –2–4°, күндіз 0–2° жылы болады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын хабарлады. 

Сондай-ақ, жаңбыр, қар, көктайғаққа байланысты 11 облыста жүргізушілерге абай болу ескертілді.