24 Шілде 2026, 13:09 Фото: istockphoto.com

Алдағы үш күнде аптап ыстық қайта күшейеді

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты ыстық, дауыл мен нөсер қаупі бар.

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Атлантикалық циклон еліміздің басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі. Тек батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Сонымен қатар Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қайтадан аптап ыстық болады.

Күндізгі ауа температурасы:

Батыс пен солтүстік-батыста +38…+43°C;

Солтүстікте +30…+35°C;

Орталықта +28…+39°C;

Оңтүстікте +36…+41°C;

Оңтүстік-шығыста +29…+37°C;

Солтүстік-шығыс пен шығыста +23…+32°C болады.

Еске салайық, 23 шілдеде 16 өңірде дауылды ескерту жарияланған еді.