Алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14%-ы жойылуы мүмкін
Мұндай болжамды Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еңбек ресурстарын болжау - кадрларды даярлауға гранттар бөлудің негізі. Бірақ бұл құрал тиімсіз пайдаланылып жатыр, - дейді ол.
Аймағамбетовтің айтуынша, жылдам технологиялардың прогресі еңбек саласында жаңа сын-қатерлерді әкеледі, жаңа мамандықтар пайда болып, кейбір зейнеткер мамандықтар жойылып жатыр.
Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жұмыс орындарының 52%-ы автоматтандырудың тәуекеліне ұшырайды. Ал алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14%-ы жойылуы мүмкін. Тағы 32%-ы өзгереді. Мысалы, онлайн дүкендердің жұмысының кесірінен бүгін сатушылардың жұмыс орындары қысқарып жатыр. Бірақ оның орнына call-орталықтарда жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Мобильді қосымшаларды жүргізу және оларды өңдеу, әзірлеу бойынша жұмыс орындары ашылып жатыр, - деп айтты депутат.
Бұған дейін Үкімет сағатында білікті мамандар неге өз мамандығы бойынша жұмыс істемей жүргені, жалақысы кедейлік шегінен аспай отырған мамандар туралы айтылған еді. Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов Үкімет сағатында еңбек нарығына үлкен қысым жасалып жатқанын айтқан еді.
Сондай-ақ, депутат Асхат Аймағамбетов университеттерді бір министрлікке беруді ұсынды. Үкімет сағатында сөзін жалғаған Аймағамбетов Англияда құлпынай теріп жүрген азаматтарымыз көбейіп кеткенін айтты.