Алаяқтардан зардап шеккендер ЖСН-дерін ауыстыруы мүмкін бе?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов алаяқтықтан зардап шеккен қазақстандықтарға ЖСН-дерін ауыстыруға рұқсат берілуі мүмкін бе деген мәселеге қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамада жеке сәйкестендіру нөмірін өзгерту қарастырылмаған.

Мәселе құжаттарды, ЖСН, телефон нөмірін, банк картасын ауыстыруға тырысуда емес. Бұл ойға сыймайтын тәсіл. Сіз оларды ауыстырған соң жеке деректеріңіздің тағы да тарап кетпесіне кім кепіл? Не үшін? Бұл мәселеге барынша сыни тұрғыда қарап, дайын болу жеткілікті шығар. ЖСН-ды ауыстыру сынды опция орынсыз, - деп атап өтті ведомство өкілі Мәжілістің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін азаматтардың жеке деректері желіде қалай тарап кеткені белгілі болғаны туралы жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Мәжілістің жалпы отырысында ақпараттық қауіпсіздікке қатысты заң қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы