Әл-Фарабидегі жол апаты: Марқұмдардың туыстары Александр Пакты кешірді
Әл-Фарабидегі қайғылы оқиға бойынша сотта жәбірленушілер мәлімдеме жасады.
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол апаты бойынша жәбірленуші тарап, марқұм жүргізушінің туыстары күдікті Александр Пакпен татуласқанын мәлімдеді. Олар соттан күдіктіні бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрап отыр.
Жәбірленуші ретінде танылған марқұм жүргізуші Еламан Тілемісовтің жақындарының айтуынша, ауыр зардаптарға қарамастан, отбасы Александр Пакпен өзара келісімге келген.
Олардың сөзінше, Александр Пак өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне шын өкініш білдірген және марқұмның туыстарынан кешірім сұраған.
Сондай-ақ күдікті материалдық шығын мен моральдық өтемақыны толық өтеген. Жәбірленуші тарап бұл деректі растаған.
Бізде Александр Пакқа қатысты материалдық та, моральдық та ешқандай шағым жоқ. Болашақта да болмайды. Татуласу ешқандай қысымсыз, өз еркімізбен болды. Оның құқықтық салдары бізге түсіндірілді және біз оны толық түсінеміз, – деді марқұмның туысы.
Марқұмның туыстары Еламан Тілемісовтің қазасына байланысты Александр Пакты толық кешіргендерін айтып, оған қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолдануды сұрады.
Біздің ойымызша, оған шартты жаза тағайындау жеткілікті. Қазіргі уақытта да, болашақта да оған ешқандай талабымыз болмайды, – деп мәлімдеді жәбірленуші тарап.
Айта кетейік, сотта тағы бір жәбірленуші Құмар Теңелбаеваның туыстары да Пакқа кешірім беріп, оған шартты жаза тағайындауды сұрады.
- Алматыда автобус жол жөндеу орнындағы шұңқырға түсіп кеткен 17:08
- Жамбыл облысында көкпар кезіндегі жанжал атыспен аяқталды 17:01
- Қазақстан қыстың қамына кірісті: Қанша мал азығы дайындалды? 16:47
- «Бави» тайфуны мен нөсер жаңбыр: Қытайда қауіптің қызғылт сары деңгейі сақталуда 16:25
- Астаналық бойжеткен ат клубында ауыр жарақат алғанын айтып, жұртты сақ болуға шақырды 16:03
- Балмұздақты қалай дұрыс таңдау керек? 15:41
- Қазақстан сары май мен күнбағыс майының өндірісі мен экспортын ұлғайтты 15:21