Бүгiн 2026, 15:07
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина
Әл-Фарабидағы қайғылы оқиға: Мас күйінде көлік айдаған кәсіпкердің соты басталды
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты соттың алдын ала тыңдауы басталады.
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонанстық жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы басталады.
Сот отырысына әзірге жәбірленуші тараптың қорғаушылары Мейірман Шекеев пен Олег Чернов келді.
Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні болған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.