Жамбылдағы жарылыс: Ақмолалық өрт сөндірушілер әріптестерін еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Ақмолалық өрт сөндіруші-құтқарушылар Жамбыл облысында жарылыс салдарынан қайтыс болған әріптестерін еске алды.

Ақмолалық өрт сөндірушілер бір минут үнсіздікпен Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды.

Бүгін облыстың барлық өрт-құтқару бөлімшесінде бір минут үнсіздік өтті.


Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты.

Жарылыс салдарынан 13 адам қайтыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы