Әкесін аяусыз ұрып-соққаны үшін сотталды: Прокуратура үкімді қатаңдатуды сұрады

Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған іске қатысты прокуратура үкімді қатаңдатуды сұрап, апелляциялық наразылық келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, сот үкімімен келіспеген Шардара ауданының прокуратурасы жазаны қатаңдату туралы өтінішхатпен апелляциялық наразылық келтірді, - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Наразылық заңда белгіленген мерзімдерде сотта қаралатын болады.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы Алмас Садақбаев қамауға алынғанын хабарладық. Сондай-ақ, ер адамның өз әкесіне деген қатыгездік көрсетуіне психологиялық тұрғыдан не себеп болуы.

Прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 15 қаңтарда болған сот отырысында Алмас Садақбаев сотта жылап, халықтан кешірім сұрады

Ол қарт әкесіне қатысты қатыгездік көрсетіп, оны қорлағаны үшін, сондай-ақ дәрменсіз күйде болған ата-анасына орташа ауырлықтағы қасақана дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы