АИТВ жұқтырған науқастардан кейін медицина қызметкерлері тексерістен өтті - қала әкімі
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев АИТВ індетін жұқтырған науқастарды анықтағаннан кейін, аурухананың медицина қызметкерлерінің неге жұмыс істеп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әкім тергеу жүріп жатқанын айтты. Ол АИТВ жұқтырғандар анықталғаннан кейін қалалық ЖИТС орталығы жұмыс жүргізіп, қабылдаушылар мен медицина қызметкерлерін тексерістен өткізгенін атап өтті.
Қаламызда АИТВ індетін жұқтырған науқастардан кейін медицина қызыметкерлері тексерістен өтті. Олар 13 маусымда Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. 14 маусым күні таңертең кезектен тыс тексеру жүргізілді. Бұл жағдай бойынша жұмыс әлі жалғасып жатыр, - деді қала әкімі.
Әкімнің айтуынша, комиссия жұмысын аяқтаған соң, Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтау департаменті есеп береді.
Кеше Денсаулық сақтау министрлігі аралық қорытындыларды жариялады. Алдымен бұл індеттің қайдан келгенін анықтау керек. Комиссия жұмысын аяқтаған соң, Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтау департаменті есеп береді. Біз барлығын бақылауда ұстаймыз, - деді Ерболат Досаев.
Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кеше Алматы ауруханаларының бірінде орын алған сұмдық жайтқа қатысты пікір білдірген болатын. Сондай-ақ, ДСМ ауруханада АИТВ жұқтырған үш науқасқа қатысты тың деректермен бөлісті.