Air Astana Дубайға тағы бірнеше рейсті тоқтатты
Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері орындалмайды.
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріне бірқатар рейсті уақытша тоқтатты.
Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері орындалмайды.
Рейстері тоқтатылған жолаушылар билеттерінің толық құнын сатып алған орны арқылы қайтара алады немесе 12–18 шілде аралығына жоспарланған сапарларын 31 шілдені қоса алғанға дейін қосымша ақысыз басқа күнге ауыстыру мүмкіндігіне ие.
Air Astana рейстер кестесіндегі ықтимал өзгерістер туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ компания Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылап, жолаушыларды қайтару жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.
Бұған дейін әуе компаниясы 12 шілде күнгі рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеген еді.