Аэротакси халыққа қолжетімді бола ма? Министр түсіндірді
Алатау қаласында аэротакси пилоттық жоба ретінде сынақтан өтіп жатыр.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, жаңа көлік түрі әзірге қымбат болуы мүмкін, алайда болашақта саны көбейсе, бағасы қолжетімді болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстанда аэротакси жобасы қалай жүзеге асып жатқанын айтты.
Министрдің сөзінше, қазіргі таңда аэротакси Алатау қаласында пилоттық режимде сыналып жатыр.
Алатау қаласында аэротакси сыналып жатыр. Біздің әріптестеріміз – қытайлық компания. Такси ішінде алдында екі, артында екі орын болады. 4 орындық бар. Жылдамдығы 200 шақырымды 1 сағатта жүреді. Жүретін радиусы 250 шақырымға дейін жетеді. Қазір пилоттық жоба ретінде жүріп жатыр. Бұл бірінші қадам, сондықтан қымбаттау болады. Болашақта саны көбейгенде, біздіңше бағасы қолжетімді болмақ, – дейді Сауранбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Алатауда әуе таксиі мен дрондар сынақтан өтіп жатқаны хабарланған еді.
Сондай-ақ, Қазақстанда аэротакси іске қосылады: Бектенов жаңа тапсырма берді.
- Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 07:50
- Қазақстан мұнайына қауіп сейіле ме? Сарапшылар АҚШ пен Украина келісімін бағалады 07:30
- Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран Жапон теңізіне құлады 07:17
- Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады 06:40
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250-ден асты 05:25
- Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 04:19
- Иран Ормуз бұғазын ашудың шарттарын атады 03:43