Алатауда әуе таксиі мен дрондар сынақтан өтіп жатыр

Алатауда жолаушыларға арналған ұшатын аппараттар тестіленіп жатыр. Алғашқы демонстрациялық ұшу Орталық Азия үшін тарихи оқиға болуы мүмкін.

Бүгiн 2026, 14:50
АВТОР
 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 14:50
Бүгiн 2026, 14:50
152
Фото: видеодан алынған кадр

Алатау қаласында жаңа буындағы жолаушыларға арналған әуе аппаратының сынақ ұшулары өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алатау қаласында жолаушылар тасымалына арналған eVTOL үлгісіндегі электрлі тік ұшып-қонатын әуе аппаратының тестілік ұшулары жүргізілуде.

Сынақтар Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы демонстрациялық ұшуға дайындық аясында ұйымдастырылып отыр. Көрсетілім ұшуы 2026 жылғы 19 мамырға жоспарланған, – деп хабарлады өңір әкімдігі.

Қазіргі таңда Алатауда пилоттық кезең жүзеге асырылуда. Оның аясында мамандар жаңа буындағы жолаушылар әуе аппараттарының мүмкіндіктерін, жүк жеткізуге арналған ұшқышсыз жүйелерді, сондай-ақ қалалық ортадағы әуе қозғалысын цифрлық басқару тетіктерін сынақтан өткізіп жатыр.

Жобаға Оңтүстік Корея, Италия және Қытай елдерінің халықаралық серіктестері қатысуда.

Демонстрациялық ұшулар мен сынақ жұмыстарын қазақстандық Alatau Advance Air Group компаниясы ұйымдастырып отыр. Барлық ұшулар уәкілетті органдармен келісілген және қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып жүргізілуде.

Сынақтар қалалық әуе мобильдігі (Urban Air Mobility) тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.

Алатау жобасы туралы

Алатау қаласы Дубай немесе Сингапур секілді орталықтармен тікелей бәсекелесуді мақсат етпейтін, инвестициялық әрі технологиялық жоба ретінде қарастырылып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қаланы дамыту стратегиясы нақты басым бағыттарға негізделеді.

Олардың қатарында:

* шағын авиация мен әуе таксиін дамыту;
* цифрлық активтер мен криптоэкономика;
* өңдеу өнеркәсібі;
* туризм;
* көлік-логистикалық инфрақұрылым бар.

Атап айтқанда, Алатауда ұшқышсыз авиация мен әуе тасымалын, соның ішінде ұзақ қашықтыққа ұшуды сынақтан өткізуге жағдай жасау жоспарланып отыр.

Қазірдің өзінде жалпы құны шамамен 600 млрд теңгені құрайтын 19 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылған.

Халықаралық қызығушылық

Алатау қаласының жобасы Оңтүстік Корея тарапынан қызығушылық тудырып үлгерді. Қазіргі уақытта үкіметаралық келісім дайындалып жатыр.

Сондай-ақ Hyundai Green Food компаниясын қоса алғанда, бірқатар кәсіпорындармен алдын ала келісімдерге қол жеткізілген. Компания Алатауда зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда.

Бұдан бөлек, Алатауда Оңтүстік Кореядағы жетекші технологиялық университеттердің бірі – KAIST кампусы ашылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Alatau City: Қазақстанның жаңа экономикалық жүрегі қалыптасып келеді

Алатауға ерекше мәртебе: Триллиондық жоба өзін ақтай ма?

Алатаудағы жер шетелдіктерге беріле ме? – Депутат жауабы

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх