Адамзатты қорғау үшін барымызды салдық – Күнсұлу Закария

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  QazVac коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина жасаушы, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді.

 

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін биология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі Күнсұлу Закарья бас директор болып табылатын авторлық ұжымға берілді.

Еліміз жоғары деңгейге көтерілді. Оның ішінде тек дертке ғана төтеп бермей, өз вакцинамызды QazVac әзірлеп, адамзатты қорғау үшін барлығын салдық. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы , Қазақстан ғылымының алдына қойған тапсырмаңызды біздің ғалымдарымыз бұлжытпай орындады. Мұндай жоғары дәрежеге тек қана сіздің қолдауыңызбен, Үкіметтің қолдауымен барша көзі ашық көкірегі ояу ғалымдардың қосқан үлесімен жеттік.  Құрметті әріптестер ! Келе жатқан Тәуелсіздік күні тұғырлы болсын!, - деді Күнсұлу Закария.

Естеріңізге салайық, ел  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізге дамуына елеулі үлес қосқан белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталып жатыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы