Адам ұрлау, бопсалау және өрт қою: Астана мен Алматыда қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Астана және Алматы қалаларында ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.

Күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою айыптары тағылып отыр.

ІІМ мәліметінше, Алматыдағы эпизодтардың бірінде қаскөйлер жергілікті тұрғынды ұрлап, күш қолдану арқылы одан 12 млн теңге талап еткен. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қысым көрсету және оларды қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеген фактілер тіркелген.

Тергеу аясында 20-дан астам тінту жүргізілді. Құқық қорғау органдары ірі көлемдегі ақша қаражатын, суық қару мен өзге де айғақ заттарды тәркіледі. Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен аса ірі көлемде қорқытып, бопсалаушылық жасады деген күдікпен қылмыс әлемінің «серкесін» ұстады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы