Абай облысындағы табиғи өрт оқшауланды

ТЖМ және орман шаруашылығы бөлімшелерінің бірлескен күшімен 19.33-те өрт оқшауланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

“Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің ауданы 350 гектар құрайды, оның 150 гектары орманмен жабылған алаң. Өртті сөндіру жалғасуда, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов те өрт орнына аттанған.

Өрттің көлемі орман шаруашылығының ақпаратына сәйкес 350 гектарды құрап отыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы