Абай облысындағы өрт. Елордалық құтқарушылар көмекке аттанды
Елордалық құтқарушылар Абай облысына орман өртін жоюға көмекке аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23 мамырда елордалық ТЖД гарнизонының 103 өрт сөндірушісі мен 18 техника Абай облысында орын алған орман өртін жоюға аттанды.
Еске сала кетсек, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысы Бородулиха ауданында табиғи өртті сөндіру бойынша ТЖМ базасында жедел республикалық штаб отырысын өткізген болатын. Қарағанды облысы мен Қорғаныс министрлігінен тағы 2 тікұшақ жұмылдырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы