Абай облысында төрт көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды
Жол апатынан бір адам қайтыс болып, бірнеше адам жарақаттанды.
9 шілдеде сағат 08:40 шамасында Алматы – Өскемен автожолының 885-шақырымында, Жарма ауданының Жарма ауылы маңында төрт көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі көлік басқару кезінде назарын басқа жаққа аударып, рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін жол-көлік оқиғасына Toyota Windom жеңіл автокөлігі мен DAF жүк көлігі де қатысқан.
Жол апаты салдарынан Volkswagen Polo көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатын алған бірнеше адам медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін спортшы Данияр Елеусінов Астанадағы үш жол-көлік оқиғасынан кейін қамауға алынғаны хабарланды.
- Басынан қан кетіп, есінен танып қалған: Шымкентте полицейлер ауыр жарақат алған балаға көмек көрсетті 16:53
- Ертеңгі басты сайлауалды дебатты ОСК бақылайды 16:35
- «Түлектерге уақыт берілуі керек»: Саясат Нұрбек грантты өтеу туралы айтты 16:20
- ОСК: Бүгіннен бастап сайлауға қатысты сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады 16:12
- Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апаты: Зардап шеккен ер адамның отбасы мәлімдеме жасады 16:01
- Қытайдан – 21, АҚШ-тан – 19: Құрылтай сайлауын бақылауға қай елден көп байқаушы келеді? 15:55
- ОСК Құрылтай сайлауында қалай дауыс беру керек екенін түсіндірді 15:42