Бүгiн 2026, 15:55 Фото: Абай облысының ПД баспасөз қызметі

Абай облысында айдалада жалғыз жүрген балақай 3 шақырым жерден табылды

8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жасар бала үйдің ауласында жүріп, жоғалып кеткен.

Абай облысында атпен жүрген полицей айдалада жүрген 3 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен. Таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан. Осы сәттен бастап барлық күштер дереу жұмылдырылды.

Сағат 14:00 шамасында бала елді мекеннен шамамен 3 шақырым жерден табылды. Ол аман-есен, өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген, бала тек адасып кеткен. Бұл оқиға - уақыттың әр минуты маңызды екенін және үйлесімді әрекеттің маңызын еске салады, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада жоғалған жасөспірім 1000 шақырым жерден табылды.

Сондай-ақ, Қарағандыда жоғалып, табылған 13 жастағы баланың жанайқайы жұртты толқытты.

Тағы оқи отырыңыздар:

Түркістан облысында 16 жасар жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті.

Суға батқан баланы іздеу үшін Қазақстан мен Өзбекстанда шлюздер жабылды.