Ақтөбеде жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сүлеймен Есенәлиев Темір ауданы Бірлік ауылында тұрған. 24 қараша күні сағат 18:00-де үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні туыстары полицияға хабарлаған. Анасы ұлының мүгедек екенін айтқан.
Сүлеймен Есенәлиевті іздестіруге 22 полиция қызметкері, 12 ауылдық әкімдіктің қызметкері, 30 шақты ауыл тұрғыны және 10 мұғалім қатысқан.
28 қараша күні сағат 15:00-де төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Есенәлиевтің денесін өзі тұрған ауылдың маңынан тапқан.
Жігіттің неден көз жұмғаны сараптамадан кейін белгілі болады. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында 17 жастағы жігіттің іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы