Ақтөбе зауытындағы төтенше жағдайға байланысты үш адам қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 мамырда Ақтөбе қаласындағы АХҚЗ зауытында төтенше жағдай орын алып, нәтижесінде алты жұмысшы зардап шегіп, төрт жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан болатын, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Тағы екі адам Ақтөбе қалалық жедел-жәрдем ауруханасынаның жансақтау бөліміне түсті. Екі жұмысшы екінші және үшінші дәрежедегі бүкіл дененің термиялық күйігін алған.

32 жастағы зардап шегушінің денесінің 60%-дан астамы күйген, 36 жастағы денесінің 30%-ы күйген. Екі жұмысшының да тыныс алу жолдары зақымданған. 03.06.2020 жылы 1988 жылы туылған зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Оның денесінің 60%-дан астамы кең көлемді күйік алған. 1984 жылы туылған жұмысшының жағдайы тұрақты, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабының 4-бөлігі (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, үш күдікті адам, оның ішінде цех басшысы қамауға алынды.

Айта кетейік, оқыс оқиға 28 мамыр күні түс ауа хром қосындылары зауытының №4 цехында болған. Оқиғаға байланысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталған болатын. 3 маусымда оқыс оқиғадан тағы бір жұмысшы қаза болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы