32 жастағы зардап шегушінің денесінің 60%-дан астамы күйген, 36 жастағы денесінің 30%-ы күйген. Екі жұмысшының да тыныс алу жолдары зақымданған. 03.06.2020 жылы 1988 жылы туылған зардап шеккендердің бірі көз жұмды. Оның денесінің 60%-дан астамы кең көлемді күйік алған. 1984 жылы туылған жұмысшының жағдайы тұрақты, - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабының 4-бөлігі (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, үш күдікті адам, оның ішінде цех басшысы қамауға алынды.
Айта кетейік, оқыс оқиға 28 мамыр күні түс ауа хром қосындылары зауытының №4 цехында болған. Оқиғаға байланысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталған болатын. 3 маусымда оқыс оқиғадан тағы бір жұмысшы қаза болды.