Ақбас тұқымды ірі қара малын өсіру туралы бағдарлама қажет емес – Мамин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпан айында Сенат депутаттары Қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсіру туралы арнайы бағдарлама туралы сауал жолдаған. Үкімет басшысы соған жауап берді.
Сенатор Дүйсенғазы Мусин өз сауалында мынандай ұсыныс жасаған болатын.
Біріншіден, асылтұқымды мал шаруашылығының тиімді жүйесін құру мақсатында заманауи нормативтік-құқықтық база қалыптастыру. Яғни, заңнамалық базаны жетілдіру. Екіншіден, әлеуеті жоғары отандық тұқым – қазақтың ақбас сиыры жайлы арнайы бағдарлама қабылдау қажет. Үшінші – жұмыстың сапасын бағалау, ақбас сиыр шаруашылығының жауапкершілігін нақтылау. Төртіншіден, малшы тапшылығын шешу, малшының мәртебесін белгілеу. Жоғары оқу орындарында мал шаруашылығына квота белгілеу. Бесіншіден, сапалы асылтұқымды түлік қорының сақталуына көңіл бөлініп, жем-шөп қоры базасын күшейту мәселесі, - деген болатын Мусин депутаттық сауалында.Бірақ үкімет басшысы өз жауабында арнайы бағдарлама қажет емес деп отыр.
Біріздендіру, сәйкестендіру шараларын, сондай-ақ цифрландыру бағдарламасын іске асыру, жалпы асыл тұқымды мал шаруашылығының тиімді жүйесін құру мақсатында заманауи нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыруға қатысты. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасы әзірленді. Аталған заң жобасы қазіргі уақытта Мәжілісте қарастырылуда, - дейді Мамин.Оның айтуынша, заң жобасында асыл тұқымды малдарды индекстік бағалау және малдың шығу тегін нақты анықтауға мүмкіндік беретін молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізу сияқты заманауи тәсілдемелер көзделген.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешенде 2014 жылдан бастап асыл тұқымды мал шаруашылығын есепке алу жүйесі селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпараттық базасы арқылы автоматтандырылған форматқа ауыстырылды. Асыл тұқымды мал мәртебесін беру және асыл тұқымдық куәлік беру, малды бағалау нәтижесі, малдың асыл тұқымдық құндылығын және малдың шығу тегін анықтау жөніндегі барлық іс-әрекет ашық қолжетімді ақпараттық базада жүзеге асырылады. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасы арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау тәртібі автоматтандырылды. Мысалы, қазақтың ақ бас тұқымын өсірумен айналысатын фермердің үйде отырып субсидия алуға өтінім беруге мүмкіндігі бар, - дейді үкімет басшысы.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау жөнінде шаралар көзделген.
Жалпы, қазақтың ақбас тұқымы туралы арнайы бағдарлама қабылдау мақсатқа сай емес деп санаймыз, себебі осы тұқымды дамыту мен жетілдіру "Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру" ғылыми бағдарламасының 101 "Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру" кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті "Солтүстік өңірде қазақтың ақбас, әулиекөл тұқымды ірі қара малының шаруашылыққа пайдалы белгілерін жетілдіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу" іс-шарасы бойынша ірі қара малды генетикалық паспорттауды жүргізуде, - дейді премьер-министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеңіс-75: Арқа батырлары ұлықталуда
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы