900 жылдан аса тарихы бар ауыл
Қытайда 23 провинция бар. Әр провинцияның өзіндік ерекшеліктері, дәстүрі, этнографиясы, диалектісі, тіпті тілдері бар. Сондай-ақ олар бір-бірінен байлығымен ерекшеленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қытай халықаралық баспасөз орталығының бағдарламасына қатысып жатқан шетелдік журналистер Аньхой провинциясы маңындағы ауылда болды.
Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Грузия, Армения және т.б. елдерден келген БАҚ өкілдері ауылды аралап, оның тыныс-тіршілігімен танысты.
Ауыл Хунцунь деп аталады.
Хунцунь ауылы Хуаншань қаласының оңтүстік етегінде орналасқан. Бұл су жүйесі бар ерекше ежелгі ауыл және «Қытай кескіндеме ауылы» деген атпен белгілі.
Исянь округінің әкімшілік орталығынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Хунцунь ауылы 1131 жылы құрылды. Бұл ауыл дәстүрлі қытай гохуа картинасынан шыққандай көрінеді. Ауылдың тарихы 900 жылдан асады.
Оңтүстік Сун әулетінің Шаосин жылдарында Хунцунь халқы «Қытайдың ең үлкен шеберлігі» деп атауға болатын жасанды су жүйесі бар ауыл салып, бионикаға мұрындық болды.
Мин және Цин әулеттерінің 140-тан астам тұрғын үйлері бүгінгі күнге дейін сақталған. Көл мен таулар үйлермен және аулалармен үйлесімін тауып, табиғат пен адам бірін-бірі толықтырып тұр.
Хунцунь 2000 жылы Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген. Бұл жүздеген жылдар бойы Аньхой көпестер класының көтерілуі мен құлдырауы туралы білу үшін міндетті түрде бару керек жер.
Жергілікті тұрғындардың пікірінше, ауылдың орналасу формасы сиырға ұқсайды.
Хунцуньда 100-ден астам тұрғын үй, храм мен мектеп ғимараты сақталған, олардың көпшілігі XIV-XIX ғасырлар аралығында салынған. Үйлердің ішіндегі ең үлкені және сәндісі – «Ченчжитан» («Ерік мұрасы залы»), шамамен 1855 жылы пайда болды.
Цин әулеті кезінде Хунцунь үлкен ауыл болған және 3000-ға жуық адам тұрған. Бүгінде елді мекеннің ұзын көшелері үлкен қалаға ұқсайды.
Ауыл тұрғындары тек егіншілікпен ғана емес, сонымен бірге сауда-саттықпен де айналысты. Қазіргі уақытта ауыл Қытай тарихындағы сюжеттерге фильмдер түсіру кезінде декорация ретінде пайдаланылады. Мысалы, «Бүгілген жолбарыс, жасырын айдаһар».
Қазіргі күні де ауыл тұрғындары сауда-саттықпен айналысады. Олар шай кептіріп, оны сатады.
Хунцунь ауылы әлемдік мәдени мұра тізіміне енгізілгеннен бері олар туристердің шексіз ағындарын қабылдап келеді. Елді мекендердің бұрынғы тыныштығы бұзылғанымен, ауыл тұрғындары өздерінің мұраларына жылы және құрметпен қарайды. Тұрғындар әрбір мәдени ескерткіштерді сақтауға қамқорлық жасап, ауылды таза, ұқыпты ұстайды.