Бүгiн 2026, 16:59 Фото: видеодан скриншот

8000 адам қатысты: Димаш Құдайберген жаңа клипінің түсірілімінде ұшақты өзі басқарды

Әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы да таңғалдырды.

Димаш Құдайберген Instagram парақшасында видео жариялады.

Онда әншінің ұшақ штурвалына отырып, аспанда ұшақты басқарғаны, сонымен бірге қазақ тіліндегі жаңа «Ақерке» әнін орындағаны көрінеді.

Ұшақты қолға алып, аспан әлеміне "Ақеркені" паш еттім. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақтың халық әні көкте қалықтай берсін!, - деп жазды әнші instagram парақшасында. 

Сондай-ақ, әнші оқырмандарына өзінің еркелеп отырғанын айтты.

Бейнебаянымыз монтаждалып жатқанда, штурвал басында отырып осындай видео түсіруді жөн көрдім. Сәл-пәл ессіздіктің ешкімге зияны тимес. Бүрсігүні кешке клиптің шығатын күнін жариялаймын. Бұл жобаға 8000-нан астам адам қатысты, нәтижесі сіздерді таңғалдыратынына сенімдімін, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік туры басталатыны хабарланды