7 оқушының өмірін қиған 19 жастағы Галявиевтің есі дұрыс емес деп танылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Татарстанның Қазан қаласында сабақ кезінде мектепке кіріп келіп, оқушыларға оқ жаудырып, бірнеше адамның өліміне кінәлі деп танылған Ильназ Галявиев медициналық сараптамадан кейін мәскеулік «Бутырка» тергеу изоляторына ауыстырылды.
Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Мәскеу қаласы қоғамдық бақылау комиссиясының хатшысы Алексей Мельников хабарлады.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес оны медициналық сараптамадан кейін екінші тергеу изоляторының психиатриялық ауруханасына ауыстырды, - деді ол.Қазан гимназиясында тоғыз адамды өлтірген Ильназ Галявиев оны ату кезінде ессіз деп танығаны үшін жазадан құтыла ала ма? Осы сауалға адвокат Алексей Михальчик жауап берді деп жазды Life Shot.
Егер адам қылмыстық әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес деп танылса, онда ол заң тұрғысынан қылмыс жасаған жоқ деп есептеледі. Егер адам қылмысқа барған кезінде не істеп жатқанын түсінбесе, оны қалай жазалауға болады. Психиатр-дәрігерлер осындай қорытынды шығарған кезде тергеуші істі сотқа жібермейді, ол қылмыскерге қатысты мәжбүрлі түрде медициналық шараларды қолдану туралы өтініш дайындайды. Дегенмен сот сараптамаға күмәнданмен қараса, ол оны қайта тағайындауы мүмкін. Өйткені ол үшін бұл қорытынды жүз пайыздық негіз емес. Алайда іс жүзінде сот психиатр-дәрігерлердің қорытындыларын қабылдайды, - дейді ол.
Адвокаттың сөзінше, психиатриялық мекеменің түрмеден еш айырмашылығы жоқ.
Мұндай адамдар өз әлемінде өмір сүреді. Осындай адамдарға арналған мамандандырылған медициналық мекемелер бар, бірақ олар түрмеден жақсы емес. Түрмедегідей сымдар, жан-жақта күзет бар. Мұны «емдеу» мекемесі деп атайтыны түсінікті, бірақ түрмеден ешқандай айырмашылық жоқ. Әр алты ай сайын дәрігерлер оның әлеуметтену дәрежесін анықтайды және т.б. Мен өмірін осындай мекемелерде өткізген адамдарды білемін. Өйткені дәрігерлер бұл адамның бостандықта, қоғам үшін қауіпсіз екендігі туралы жауапкершілікті мойнына ала алмайды. Галявиевтің жағдайында оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұрды. Ал бізде бұндай жаза кезінде ешкім мерзімінен бұрын босатылған жоқ, - деп түсіндірді Михальчик.
Айта кетейік, Қазанның 175-гимназиясында 11 мамыр күні қайғылы жағдай болды. Мектепке оның бұрынғы түлегі - 19 жастағы Ильназ Галявиев кіріп келіп, балалар мен мұғалімдерге оқ жаудырды. Салдарынан 9 адам көз жұмып, 20-дан астам адам ауруханаға түсті.
Жақында қылмыскердің әпкесі оның қандай бала болғанын айтып берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы