500 адамға той жасаған қарағандылық шенеунік жұмыстан босатылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімдігі 500 адамға арналған той ұйымдастырған шенеунікке қатысты түсініктеме берді.

7 тамызда әлеуметтік желілерде Қарағандыда жоғары лауазымды шенеунік 500 адам шақырып, ұзату тойын жасап жатқаны туралы видео пайда болған еді. Тойды Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы жасаған деген ақпарат шықты.

«Вечерняя Караганда» Telegram-арнасы жазғандай, шенеунікке қатысты арнайы тексеру тағайындалады.

Аталған мемлекеттік қызметшіге қатысты арнайы тексеру басталды. Карантиндік шектеулерді бұзу фактілері расталған жағдайда, атқаратын лауазымынан босатуға дейінгі ең қатаң шара қабылданатын болады, - деді Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.

Ол сондай-ақ, санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты іс-шара тоқтатылғанын атап өтті. Ұйымдастырушыларға әкімшілік айыппұл салынады.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық шенеуніктің 500 адам шақырып, ұзату тойын жасағаны туралы жазған едік.

Қарағанды облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. Өткен тәулікте өңірде 1050 адам вирус жұқтырған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы