5 облыста құрғақшылық болады
«Қазгидромет» мамандарының болжамына сенсек, маусым айында Қазақстанның басым аймағында ылғал көлемі негізінен нормаға жуық болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен қатар, солтүстік-батыстың жеке аудандарында, елдің оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта біркелкі құрғақшылық күтіледі.
Қалыпты құрғақшылық аймақтары:
- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандары
- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандары
- Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
- Ақмола облысының Жақсы ауданы
- Қарағанды облысының Шет ауданы.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы