10 Тамыз 2026, 19:35 Фото: Туризм және спорт министрлігі

453 млн-нан астам қаралым жинаған «Болашақ ойындары – 2026» аяқталды

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі өтті. 12 күнге созылған жарысқа 50-ден астам елден 800-ден астам қатысушы жиналып, турнир трансляцияларын әлем бойынша 453 миллионнан астам көрермен тамашалады.

Жарысқа елорданың төрт спорт нысанында сегіз дисциплина бойынша өнер көрсеткен 108 команда қатысты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 4,65 млн долларды құрап, командалардың өнерін трибуналардан 29 мыңға жуық көрермен тамашалады.

Турнирдің халықаралық медиа қамту ауқымы кең болды: жарыс 289 арна, оның ішінде 56 медиа серіктес пен 229 стример арқылы таратылып, 150-ден астам ел мен аумақта 20 тілде қолжетімді болды. Турнирдің жиынтық ықтимал медиа қамту аудиториясы 7,68 млрд адамды құрады.

Турнир халықаралық деңгейде кеңінен қамтылып, 289 арна, оның ішінде 56 медиа серіктес пен 229 стример арқылы 150-ден астам ел мен аумақта 20 тілде таратылды. Ал жарыстың ықтималмалды жиынтығы медиа қамту аудиториясы бойынша 7,68 млрд адамдға жетті.

Қазақстандық командалар турнирдің барлық сегіз дисциплинасы бойынша бақ сынады. Отандық спортшылар үшін жарыстың басты жетістігі — Team KZ командасының Phygital Shooter (CS2) дисциплинасы бойынша чемпион атануы болды.

«Болашақ ойындарын» өткізу Қазақстанда фиджитал-спортты дамытудағы маңызды қадамдардың біріне айналды. Бұл формат – жарыстың виртуалды кезеңінен кейін спортшылар нақты спорт алаңында бәсекеге түсу арқылы цифрлық технологиялар мен физикалық белсенділікті үйлестірді. Осылайша, фиджитал-спорт жас ұрпақтың заманауи қызығушылықтарына жауап бере отырып, цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты біріктіру арқылы жастарды белсенді өмір салтына және тұрақты спортпен шұғылдануға ынталандырады.

Бұл ретте турнирдің халықаралық деғгейде таралуы спорт саласына ғана ықпалдығын тигізбейді. Қазақстанды әлемдік аренада таныту тұрғысынан да маңызды. 150-ден астам елде көрсетіліп, миллиондаған көрерменге жеткен трансляциялар мен ақпараттық материалдар Қазақстанды әлемдік аренада насихаттау құралына айналды. Шетелдік көрермендер Астананың заманауи келбетімен, спорт нысандарымен және елдің дамыған инфрақұрылымымен танысуға мүмкіндік алды. Мұндай халықаралық медиатаралым Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға да ықпал етіп, елімізге саяхаттауға, ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге қолайлы орын ретінде қызығушылық қалыптастырды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Келесі жылы Қазақстан киберспорттан әлем чемпионатын өткізіп, цифрлық спорт саласындағы тағы бір ірі халықаралық жарыс алаңына айналады. Мұндай ауқымды турнирлерді өткізу отандық спортшылар мен киберспортшылардың кәсіби деңгейін арттыруға, халықаралық тәжірибе мен озық технологияларды тартуға, сондай-ақ дене шынықтыру, цифрлық дағдылар мен заманауи технологиялар өзара үйлесетін жаңа спорттық экожүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, «Болашақ ойындары – 2026» Қазақстан үшін ірі халықаралық спорттық оқиға ғана емес, сонымен қатар елімізде жарыстардың жаңа буынын жоғары деңгейде өткізуге, фиджитал-спортты дамытуға және Қазақстанды миллиондаған көрермені бар жаһандық аудиторияға танытуға дайын екенін көрсеткен маңызды жобаға айналды. Сонымен қатар, турнирдің ауқымды халықаралық медиатаралымы елдің туристік әлеуетін ілгерілетуге, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға және әлемдік спорттық іс-шараларды өткізуге қолайлы ел ретінде танытуға ықпал етті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан «Болашақ ойындарында» алтын медаль жеңіп алып, Team KZ финалда Ресей құрамасын ұтқаны хабарланды