400-ден астам бала уланған мектеп асханасынан не табылды

СЭС Маңғыстауда мектеп оқушыларының неден уланғанын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы зертханасының мамандары эпидемиологиялық тексеру жүргізді. Тексеру барысында мамандар дайын өнімнен, судан сынама алып, асхана қызметкерлерінен анализдер алды.

Мамандар өрескел санитарлық бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, дайындалған тағам үлгілерінен патогенді бактериялар табылса, мектеп асханасынан алынған сүртінді сынамаларының 20 %-да ішек бактериялары бар екені дәлелденді.

Мектеп асханасында жұмыс жасайтын 10 қызметкерден, 1 медициналық қызметкерден және 1 жеке кәсіпкерден алынған бактериологиялық тексеруге нәтижесінде - 6-маманнан стафилакок таяқшалары анықталды. Сондай-ақ, асханадағы ыдыс жуушы қызметкері – дизентерия бактериясын тасымалдаушы екені зертханалық түрде дәлелденді. Ол балаларға ас таратушы болып қызмет арқарып, тамақты ластаған. Медициналық құжаттарды тексеру барысында 4 асхана қызметкерінің жалған медициналық тексеруден өткені анықталды. Облыстық прокуратура мен облыстық ішкі істер департаментіне хат жолданды. Мұнайлы аудандық Полиция басқармасымен №244450031000356 қылмыстық кодекстің 1 бөлімі, 304 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды, — деді Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Асылбек Шаров.

Еске салсақ, Маңғыстауда 60-қа жуық оқушы астан уланған болатын. Бүгін барлық оқушы ауруханадан шығарылған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы