40 млн теңге: “Сенімді” таныс 14 адамды тақырға отырғызды

Жетісу облысында 40 млн теңгеден астам соммаға несиелер рәсімдеген алаяқ сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жетісу облысында азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталды. 

Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге және ақшалай қаражатты иемденуге пайдаланған. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 млн теңгеден асты. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында бұрынғы әкім 500 мың теңге үшін 3 жарым жылға сотталды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы