3 жасар баланың саусағы пластикке қыстырылып қалды
Құтқарушылар үш жасар баланың қолын босатуға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Ақтөбе қаласының Астана ауданында болған. М.Оспанов көшесіндегі пәтерінде 3 жасар баланың саусағы ойыншықтың пластик бөлшегіне кіріп кеткен. Ата-анасы баланың қолын өздігінен босата алмай, құтқарушыларды көмекке шақырған.
Құтқарушылар сәтті авариялық-құтқару операциясын жүргізді. Құтқару қызметіне баланың саусағына ойыншықтың пластик бөлшегі кіріп кетіп, оны өздігінен алып тастау мүмкін болмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел жеткен құтқарушылар қажетті шараларды мұқият орындап, баланың қолын жарақатсыз босатты, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жүргізушілер жолға шыққан бүлдіршінді құтқарып қалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
2026 жылдың басты түсі анықталды
Өзгелердің жаңалығы