Бүгiн 2026, 19:46 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

27 ақпан күні Астана оқушылары үйден оқиды

Ертең астаналық оқушылар қашықтан оқиды.

Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1–2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.

Осыған байланысты білім беру ұйымдары сабақтарды онлайн форматта өткізеді. Ата-аналар мен студенттерге сабақ кестесі мен тапсырмалар бойынша ақпаратты білім беру платформалары арқылы қадағалау ұсынылды.

Еске салсақ, бұған дейін наурызда оқушылардың қанша күн демалатыны белгілі болды.