2030 жылға қарай жұмыс күші қатарында жастардың саны күрт өседі – Тамара Дүйсенова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Сондай-ақ ол еңбек нарығының 2030 жылға дейінгі негізгі сын-тегеуріндеріне тоқталды.
Жұмыс күші қатарына қосылатын жастардың айтарлықтай өсуі. Яғни 2000 жылдан кейін немесе қолайлы демографиялық жағдайдан кейін дүниеге келген тұлғалар еңбекке қабілетті жасқа жете бастады. Сарапшылардың есептеуінше, 2030 жылға қарай елдің жұмыс күшінің 74%-ын миллениалдар мен Z ұрпағы құрайтын болады. Экономикадағы жұмыс орындарының жеткіліксіз генерациясы-соңғы жылдары негізгі жұмыс беруші мемлекет және квазимемлекеттік сектор болып табылады. Технологиялар мен инновациялардың жедел таралуы, нәтижесінде кейбір мамандықтар жойылып, басқалары пайда болады, ал басқалары өзгертіледі, - деп атап өтті Еңбекминінің басшысы.
Оның айтуынша, белгіленген сын-қатерлер кадрларды даярлау жүйесін жаңғыртуды одан әрі тереңдету қажеттілігін айқындайды.
Бұл ретте Ұлттық біліктілік жүйесі оның негізі болып табылады. Аталған жүйе «Экономикаға қандай мамандар қажет?» деген сұраққа жауап береді. Ұлттық кәсіптер сыныптауышы 2018 жылы енгізілді. Қажетті мамандар туралы ақпарат жинау пен статистикалық есеп осы классификатор негізінде жүргізіледі. «Заманауи мамандар нені біліп, нені істей алуы қажет?». Бұл талаптар жұмыс берушілер өздері әзірлейтін кәсіптік стандарттарда бекітіледі.
«Ол үшін мамандарды қалай оқытып, нені үйретеміз?» Бұл ретте, білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде құрылуы қажет, - деді Тамара Дүйсенова.