19 Наурыз 2026, 16:33
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
2027 жылдан бастап мектептерге қатысты өзгеріс болады
Қазақстанда талапқа сай емес 163 жекеменшік мектеп анықталды.
Қазақстанда ғимараты білім беру мақсаттарына сәйкес келмейтін 163 жекеменшік мектеп анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер мұндай мектептердің мәселесі қалай шешілетінін сұраған. Вице-министрдің айтуынша, аталған нысандарға қатысты кейінге қалдырылған норма енгізілген.
Бүгінде мұндай мектептердің саны – 163. Олардың ғимараттары білім беру қызметіне арналған мақсатқа сәйкес келмейді. Осыған байланысты біз кейінге қалдырылған норма қабылдадық. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап талапқа сай келмейтін ғимараттарда орналасқан мектептерге жекеменшік білім беру тапсырысы орналастырылмайды, - деді Жайық Шарабасов.
Бұған дейін Қазақстандағы мектептер түбегейлі өзгеретіні белгілі болған.
- Астана полициясы түнгі уақытта салют атқандарды жаппай қамауды жалғастырып жатыр 08:36
- Жаңа әуежайлар, газ зауыты және энергетикалық нысандар: Нәлібаев Маңғыстаудағы ірі жобалармен танысты 08:27
- Павлодарда жылыту маусымы басталды 08:23
- Бүгін жеті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі 08:10
- Еуропада газ бағасы 2022 жылдың соңынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді 07:48
- Әлемдегі тұрақсыздық: Қазақстан экономикасын қай салалар арқылы әртараптандыру керек? 07:30
- Несиесін уақытында төлей алмағандарға 60 күн қосымша уақыт беріледі 07:10