7 Тамыз 2026, 15:01 Фото: gov.kz

2026 жылғы грант иегерлерінің тізімі шықты

Биылғы оқу гранты иегерлерінің толық тізімін осы ақпараттан көре аласыз.

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлерінің тізімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтаған болатын. Конкурсқа қатысу үшін биыл 127 мыңнан астам өтініш қабылданғанын жаздық.

Еске салайық, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге шамамен 233 мың талапкер қатысып, олардың 76 пайызы шекті балл жинап, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Тағы оқи отырыңыз: Грантпен оқуға түссеңіз де гранттан айырылып қалуыңыз мүмкін: Сарапшы себебін түсіндірді 

Мына сілтемеге өтіп, грант иегерлерінің толық тізімімен мына жерден таныса аласыз.