2025 жылы инклюзивті білім беретін 33 консультациялық орталық ашылады
Инклюзивті білім беру жүйесін жақсарту бойынша елімізде біршама шаралар қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Инклюзивті білім беру жүйесін жақсартуда еліміздің біршама өңірінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылады (ПМПК). Яғни 2025 жылға дейін 33 ПМПК ашу жоспарланған.
Солардың ішінде биыл Астана қаласында – 1, Алматы - 1, Жамбыл облысында - 1, БҚО -1, Павлодар -1, Түркістан облысында -1 ПМПК ашылады.
Осы орайда ПМПК желісі 75 бірліктен 93 бірлікке дейін көбейеді.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (ПМПК) қызметі медициналық модельден, диагноз қоюдан педагогикалық модельге, яғни ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қайта форматталған. Ол үшін ПМПК зерттеу бағдарламалары әзірленді, - дейді Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Әйгерім Кудеринова.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазір елімізде 18 жасқа дейін мүмкіндігі шектеулі 188 144 бала бар.