2023 жылы өңірлерге бюджеттен қанша ақша бөлінетіні белгілі болды

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айта кетерлігі, бүгін ведомство басшысы Мәжілісте «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. 

Жалпы 2023 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 6 трлн теңге бөлінеді. Бұл бюджеттің жалпы шығынының 28,7%-ын құрайды. Әкімдерді экономикалық ынталандыру, олардың қаржылық дербестігі мен өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешудегі жауапкершілікті кеңейту үшін республикалық бюджеттен жергілікті бюджет базасына барлық ағымдағы трансферттерді беру жүзеге асырылды, - деп атап өтті Татьяна Савельева. 

Айтуынша, жалпы жергілікті билік органдарының базасына 9,5 трлн көлемінде шығындар берілген.

Оның ішінде, 2023 жылы 2,8 трлн теңге ұсынылды. Үш жылдық кезеңде дамуға мақсаттық трансферт түріндегі шығындар 3,3 трлн теңге, ал 2023 жылға бағытталған қаржы 1,1 трлн теңгеге тең, - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қазынадан 2,6 трлн теңге бөлінетіні туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы