2023 жылы мыңнан аса балабақша педагогі біліктілігін арттырады

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев елордада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жайында ақпарат берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Педагогтердің аттестациядан өтуі – өте өзекті мәлеселердің бірі. 2022-2023 оқу жылдарында елордадағы білім беру ұйымдарында 21 159 педагог жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 4 291 педагог, - деп айтты Білім басқармасы басшысының орынбасары.

Серік Әділбаев атап өткендей, педагогтердің аттестациядан өтуінің негізгі талаптары – педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі. 2022 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 576 тәрбиеші, 25 әдіскер, 50 меңгеруші біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2023 жылы мектепке дейінгі білім беруде 1 062 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланған, - деп толықтырды ол онлайн брифингте.

Бұған дейін Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев елордада биыл қанша бала балабақша орнымен қамтамасыз етілетіні жайлы ақпарат берген болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kazbilim.kz
Өзгелердің жаңалығы