2021 жылы Қазақстан ЕЭО органдарына төрағалық етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келер жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Бұл бізге өзекті мәселелерді шешуге және жалпы интеграциялық күн тәртібін ілгерілетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

2020 жылы да біз үлкен жұмыс атқардық. Мен Еуразиялық экономикалық одағында (ЕАЭО) өңірлік сауда жеткіліксіз деңгейде екенін бірнеше рет айттым. Ал корона дағдарысымен одан да бетер төмендеді. Еуразиялық одақ бойынша серіктестермен ішкі тауар айналымы 11,6%-ке қысқарды. Тауар айналымының төмен болу себебтерінің бірі сауда кедергілері болып табылады. Биыл біз олардың 8-ін жоя алдық. Сауда кедергілерінің басым бөлігі Рессеймен байланысты. Мысалы, біздің ветеринарлық дәрі-дәрмектер Ресей нарығына кіруіне тыйым алынды, сонымен қатар Мәскеудің тамақ өнімдерін тасымалдауға қойылатын қосымша талаптары алынып тасталды. Қазақстандық өнеркәсіптік тауарлар Ресейдегі Мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізе алды және Ресейдің кейбір аудандарында аймақтық сертификаттау тәжірибесін жойды - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар ол Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінде ең сезімтал кедергілерді ай сайын қарау механизмін енгізуге қол жеткізгенін айтты. 

Бүгін ғана мен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың ратификациясын мәжілісте қорғадым. Бұл түзетулер бойынша жұмыс 4 жылдан астам уақыт жүргізілді. Олардың үлкен бөлігі көрші нарықтардағы бизнестің тең жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты. Мысалы, қазір Еуразиялық экономикалық комиссиясы, егер бәсекелестік шарттарының бұзылуын анықтаса, нарық субъектісіне дереу ескерту жасайды. Кәсіпкердің тез арада заңсыздықты тұзеп, қателігін дұрыстап, айыппұлдан құтылуға мүмкіндігі бар. Бұл «жеңілдетілген» құқықтық шаралар деп аталады. Өтіп бара жатқан жылдың маңызды жетістігі Еуразиялық одақ мемлекеттері басшыларының Еуразиялық экономикалық одағының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын бекітуі болды. Бастапқыда президенттер мамыр айында өтетін онлайн-саммитте құжатқа қол қояды деп болжалды. Бірақ жобада Қазақстан келіспеген «шикі» тармақтардың көп болғаны соншалық, мемлекет басшымвз Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысы бойынша барлық 5 мемлекет құжатты тағы жарты жыл бойы "өңдеді". Біз стратегияны өзімізге қажетті форматта қабылдауға қол жеткіздік: ұлттық мүдделерге қайшы келетін 246 іс-шараны алып тастадық және 106 іс-шара мен бізге "қажетті" бастаманы енгізуге қол жеткіздік - деді Бақыт Сұлтанов.

Біз қорғап қалған Қазақстанның қағидатты ұстанымы әрбір елдің салықтық, өнеркәсіптік, аграрлық және визалық саясатты қоса алғанда, өзінің ақша-кредит саясатын жүргізуінің егеменді құқығы болды.

Сыртқы әлеммен қарым-қатынастарда Еуразиялық экономикалық одағына қатысушы елдердің бірыңғай майданда сөз сөйлеуіне үзілді-кесілді қарсы болдық (және біз өз позициямызды қорғай алдық). Қазақстан - егеменді ел. Экономикалық интеграция процестеріне қатысу біздің басқа мемлекеттермен өз саясатымызды жүргізу құқығымызды ешбір шамада шектемейтін болады. Үшінші елдер туралы әңгіме бөлек. Бүгін Мәжіліс Еуразиялық одақтың Сербиямен еркін сауда туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады. Екі жақты тәртіпте бізде, Белоруссияда және Ресейде Белградпен еркін сауда аймағы жұмыс істейді. Енді осы Тәртіпті Одақтың басқа елдеріне де кеңейтудеміз - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда Қазақстан бұдан былай Сербияға ірімшік, ішімдіктер мен темекіні бажсыз жеткізе алады.

Айтпақшы, бұл елге қазақстандық экспортты ұлғайту әлеуеті $250 млн-ға бағаланып отыр, бұл мұнай және химия, химия, металлургия, машина жасау, өнеркәсіптің азық-түлік салаларының тауарлары мен құрылыс материалдары. Ағымдағы жылы Монғолия және Индонезия мемлекеттерімен осындай келісімдер жасасуды зерттеп, қолға ала бастадық. Келісімдерге қол қойылған жағдайда сауданы ұлғайту әлеуетіміз Моңғолиямен - 220 млн$, Индонезиямен - 525 млн$. Мысыр, Израиль және Үндістан елдерімен еркін сауда туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз қазірдің өзінде экспорттық қызығушылық туғызатын тауарлардың тізімін қалыптастырдық. Біздің есептеулеріміз бойынша, тек осы үш елмен келісімдер жасасу кезінде біз тауар айналымымызды 800 млн. $-ға өсіре аламыз, соның ішінде металл бұйымдары, бейорганикалық химия өнімдері, машиналар, жабдықтар, темекі өнімдері, тамақ өнімдері және т.б. экспортын ұлғайту есебінен. Қазақстанның Үндістанға ғана 1800-ден астам тауар түріне (оның ішінде 239 ауыл шаруашылығы және 1646 өнеркәсіп тауарлары) экспортты ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Жалпы, корона дағдарысқа қатысты кедергілерге қарамастан, біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Келесі жылы «барлық жағынан» біз жұмысымызды жалғастырамыз - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы