2019 жыл ЕАЭО елдері үшін өнімді болды – Мамин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жыл ЕАЭО-ның дамуы маңызды да өнімді болды. Біріншіден, біз одақтың құрылғанына 5 жыл толуын атап өттік және интеграциялық дамудың жаңа жолдарына өттік. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысы Алматыда өтіп жатқан ЕАЭО елдерінің кезекті отырысында айтты.
ҚР премьер-министрі жабық отырыс барысында ЕАЭО аясында бірқатар мәселенің талқыланғанын айта келе, 2019 жыл одақ үшін сәтті болғанын жеткізді.
2019 жылы ЕАЭО-ның алдағы даму кезеңі бойынша бірқатар келісімдер жасалды. Оның ішінде теңіз тасымалы бойынша келісім жасалды, бұл одақ елдері арасында тауар тасмалын жеңілдете түседі. Сондай-ақ, ЕАЭО-ның жалпы қаржылық нарығының тұжырымдамасы бекітілді. 2019 жылдың желтоқсан айында ЕАЭО елдерінде еңбек етіп жатқандарды зейнетке шығу мәселесімен қамтамасыз ету келісімшарты жасалды. Бұл халықтардың зейнетке шығудағы тең құқықты болуына жағдай жасайды, - деді ол.
Сондай-ақ, ол өткен жылы ЕАЭО аясында Сингапур және Сербиямен тауар айналымында баж салығынсыз келісім жасалғанын айтты.
Әлемдік сауда айналымының төмендеп кетуіне қарамастан, біз тұрақтылықты сақтай білдік, - деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар, ол 2020 жылы атқарылатын жұмыстар әлі де бар екенін, әсіресе ЕАЭО арасындағы кедергілерге күш салу қажеттігін жеткізді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы басталды. Еуразиялық одақтың Үкіметаралық кеңесінің негізгі тақырыптарының бірі – қатысушы елдердің саудасы мен цифрлық интеграциясын дамыту болмақ.