20 жыл бойы іздеуде болған қазақстандық Ресейде ұсталды
Талай жылдан бері жасырынып, қашып жұрген қылмыскер экстрадицияланды.
20 жыл бұрын Павлодарда қарақшылық жасаған күдікті Ресейде қолға түсті.
ҚР Бас прокуратурасы адамдар тобымен қарақшылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Тергеумен күдікті 2006 жылы Павлодарда адамдар тобымен қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталды. Күтіктіні қоспағанда оның басқа сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылғы қыркүйекте ол Новосібір облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жаенпейсов.
Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан іздеген ерлі-зайыпты Грузияда қолға түсті.
- Қазақстан Өзбекстанда өткен V халықаралық экологиялық Құрылтайға қатысты 08:08
- АҚШ-та бензин бағасы 4 доллардан асты: Трамп кешірім сұрамайтынын мәлімдеді 07:48
- Қазақстанда бір тәулікте орман қорында 10 өрт тіркелді 07:13
- Балалар стоматологиясындағы кезек мәселесі: Өңірлерге нақты тапсырма берілді 06:36
- Бельгияда ежелгі ғимаратты қайта жөндеу кезінде 9 млн еуроға жуық алтын табылды 05:24
- АҚШ дрондар импортына 100%-ға дейін тариф енгізеді 04:19
- Канада Иран басшылығының бес өкіліне санкция салды 03:26