19 наурызда сайлауға шетелдік 793 байқаушы қатысады
Бүгін шетелдік байқаушыларды аккредиттеу аяқталды. ОСК қанша шетелдік байқаушы ресми тіркеуден өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ОСК хатшысы Мұхтар Ерман Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеудің қорытындыларын жариялады.
Халықаралық байқау институты жұмысын бастағалы бері 11 қаулы қабылданды. Биыл 20 қаңтарда қабылданған қаулының негізінде аккредитация 2023 жылғы 13 наурызда Астана уақыты бойынша 18.00-де аяқталды. Осылайша 41 шет мемлекет пен 12 халықаралық ұйымнан 793 байқаушы ресми тіркеуден өтті, - деп баяндады Мұхтар Ерман.
Бұған дейінгі ақпарат бойынша ОСК шетелдік 322 байқаушыны ресми тіркегенін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат кезекті отырыстың күн тәртібін бекітті
Өзгелердің жаңалығы