1,5 мың киік Қытайға қалай көшіріледі? – министр жауап берді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктерді көрші елдерге көшірудің жолдарын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі.

Мұның тәсілдері өте көп. National geographic жанураларды бұрынғы тарихи аумағына тасылмалдайтын жобаларды жиі көрсетіп жатады. Ірі жануарлар контейнерлермен көшіреді. Ал киік ұсақ малға жатады. Сол себепті ғалымдармен көшіру мәселесін талқылап жатырмыз. Әзірше нақты ұсыныс жоқ. Әрине, айдап алып кете алмаймыз. Киікті көлікке тиеп, көшіру қажет. Оны тиеген кезде денсаулығы бұзылмай, аман баруы керек. Көлікпен апарудың да бірнеше жолы бар, - дейді Эколгия министр үкімет отырысынан соң өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік беретіні айтылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы