13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 13 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын, негізінен қар жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың солтүстік-батысында қалың қар жауады. Оңтүстіктегі таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Еліміз бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы