126 млн теңге тапқан: Қостанайда қаржы пирамидасын құрған әйел 7 жылға сотталды

Қостанайда Finiko қаржы пирамидасының қатысушысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық соттан мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу мәліметінше, сотталушы 2019 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін WhatsApp арқылы жалған инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат таратып, азаматтарды қолма-қол ақша салуға үгіттеген. Жалған ақпарат негізінде 36 азаматтан 126 миллион теңгеден астам қаражат жинаған.

Түскен қаражаттың бір бөлігі биткоин миксері арқылы жасырылып, қалғаны жаңа клиенттерді тарту үшін жалған дивиденд ретінде таратылған.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Дегенмен, сот оның қоғамдық қауіпті әрекетін, келтірілген шығын көлемін және жеке басын ескере отырып, оны коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы