Бүгiн 2026, 02:18 Фото: gov/kz

12 тамызда Иранда Каспий маңы елдерінің саммиті өтеді

Иран Каспий маңы елдерінің саммитін өткізуді жоспарлап отыр.  

Бұл туралы Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Джоукар Астанада өткен Аймақтық экологиялық саммитте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Дипломат өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне қарамастан, Иран тарапы бұл іс-шараны қабылдай алады деген сенім білдірді.

2026 жылдың тамыз айында Иран Ислам Республикасы Каспий маңы мемлекеттерінің жетінші саммитін қабылдайды. Біз Каспий теңізінің халықаралық күніне (12 тамыз) және Тегеран конвенциясының күшіне енгеніне 20 жыл толуына орай, Тегеранда Каспий маңы елдерінің президенттерін қарсы алу құрметіне ие боламыз деген үміттеміз, – деді елші.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі маңында әскери әрекеттерге тыйым салу қажет екенін айтып, халықаралық қауымдастықты теңізді сақтау үшін бірлесіп әрекет етуге шақырды.