Қазақстанның 11 қаласынан Бахрейнге рейс ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық делегация Бахрейн авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген "ашық аспан" режимі аясында Бахрейн әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші “әуе еркіндігін” пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді. Рейстер саны күнделікті жиілікке дейін көбейген.

Сондай-ақ, екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді.

Қол жеткізілген уағдыластықтардың нәтижесі бойынша Бахрейн әуе компаниялары Қазақстандық әуе компаниялармен кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасауды жоспарлап отыр. 

Естеріңізде болса, бұған дейін Қазақстан мен Польша арасында жаңадан рейс ашылатыны туралы хабарлағанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы