«100 жаңа оқулық»: Биыл 30 кітап жарық көреді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қалай жүргізіліп жатқанын айтты.
«Ұлттық аударма бюросын» жастар ұйымы деуге толық негіз бар, өйткені аудармаға жиналған негізгі мамандарымыз егемендікте білім алған, бір жағынан «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген тәуелсіздік құрдастары. Олардың қай-қайссы да биік елдік маңызы бар мазмұнды жобада сіздің тапсырмаңызбен жұмыс істеп жатқанын үлкен мақтанышпен айтады», - деді ол.
Жоба жетекшісі 2018 жылы жоба шеңберінде аударылып басылған алғашқы 18 оқулық жарық көргенін айтты.
«Содан бері олардың әрқайсысы еліміздегі 115 ЖОО-ға тегін таратылып берілді. Оқулықтардың электронды нұсқалары интернет арқылы еркін қолданысқа берілді. Соның арқасында бұл жоба аз уақыт ішінде еліміздің барлық оқу орындары оқытушылары мен студенттеріне әлемнің ең озық ғылым мен білім орталықтарының алтын қорын ашып берді. Бүгінгі таңда дүние жүзіне ең беделді деген ғалымдар мен әлем бойынша миллиондаған данамен таралған келесі 30 оқулығы қазақ тіліне аударылады. Бұл оқулықтар да таяу арада басылып, жаңа оқу жылында студенттердің қолына тиеді», - деді Кенжеханұлы.
2017 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру үшін коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылған болатын.
Еске сала кетсек, бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі басталды. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға белсенді жастар бас қосты.
Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.
Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.
Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.
«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.
Назерке Абибулла